Ешқашан берілмеудің 9 себебі
⠀
«Менің ойымша жетістікке тек қана қайталанып отыратын сәтсіздік арқылы жетуге болады. Шын мәнінде жетістік – сіздің жұмыстың 1% ғана, ал қалған 99% - бұл сәтсіздіктер».
© Соитиро Хонда, Honda компаниясының негізін қалаушы.
⠀
Берілмеу – өмірден барлығын алудың жалғыз әдісі
⠀
Өмірде сәтсіздіктен кейін еңсеңді тік ұстап жүруден артық машық жоқ.
⠀
Есте сақтауға тиіс 9 себеп:
⠀
1️⃣ Реалист болыңыз
⠀
Бір нәрсені бірінші реттен мінсіз етіп жасап кету мүмкін емес, бірақ бұл бәрін бірден тастап кетуге себеп емес. Қателіктер болады, шалыс басылған қадамдар да, бірақ онымен бірге жеке тәжірибең және өзіңнің жолың болады.
⠀
2️⃣ Сіз өзіңіз ойлағаннан да мықтысыз
⠀
Кішкентай ғана проблеманың сізді тоқтататын мүмкіндігі жоқ. Он, жүз және мыңдаған кішкентай сәтсіздіктердің де мүмкіндігі болмағаны сияқты.
⠀
3️⃣ Арманыңа сен, тіпті олар мүмкін емес десе де
⠀
Әлемдегі ауыз толтырып айтуға тұрарлық істер айналадағы адамдардың толық қолдауы мен келісімі арқылы жасалды деп ойлайсыз ба? Армандары орындалып қалаған өмірін сүріп жүген көп адамдар басында ешкімнен қолдау таба алмаған.
⠀
4️⃣ Сіз жасағалы отырған істі бұрын біреу жасады ма?
⠀
Иә? Керемет, сіздің де қолыңыздан келеді!
Жоқ? Сіз бірінші болудың мүмкіндігіне ие болып отырсыз!
⠀
5️⃣ Өз уайымдарыңызбен бөлісіңіз, ішіңізде сақтамаңыз
⠀
Сіздің жақындарыңыз ешкім бере алмайтын мотивация беріп, өз жолыңызды жалғастыруға итермелей алады.
⠀
6️⃣ Сізден де қиын жағдайға тап болған жандар бар
⠀
Үнемі. Миллиондаған адамдарға одан да қиын, бірақ олар өз тіршілігі үшін күресті жалғастырып жатыр.
⠀
7️⃣ Планетадағы кез келген адам сияқты бақытты болуға сіз де лайықтысыз
⠀
8️⃣ Басқа адамдарға шабыт беру арқылы, өзіңізге де берілмеуге көмектесе аласыз
⠀
Жақын адамыңа көмек көрсеткеннен артық мотивация беретін іс жоқ шығар
⠀
9️⃣ Бәрінің өз уақыты бар
⠀
Уолт Дисней газеттегі жұмысынан идея жетіспеушілігі үшін шығарылды, Менделеев химиядан 3 деген баға алып отырған, Эйнштейн 4 жасына жйеін сөйлей алмағандықтан ақылы есі кем адам ретінде мінездемеа алған.
⠀
❤ Ештеңе қолыңыздан келмей жатқандай болса осына еске алыңыз. Сіздің де уақытыңыз келеді.