✨Жүрегіңіздің жұмсақ болуын қаласаңыз, аз сөйлеңіз...
✨Үндемеуді дос тұтсаңыз, тақуалыққа қол жеткізесіз...
✨Ешқашан бұл дүниенің уақытша рахаты мен қызығына алданбаңыз...
✨Қызғаншақтық пен көреалмаушылықтан сақтаныңыз, сонда өміріңіз жеңілдейді...
✨Ешкімге өтірік жала жаппаңыз, сонда өзіңіз де біреудің қиянатынан аман боласыз...
✨Айналаңызға опалы, мейірімді болыңыз, сонда барлығына сүйікті боласыз...
✨Қолыңызда бардың қадірін біліңіз, қанағат тұтыңыз, сонда ең бай адамға айналасыз...
✨Ісіңізді Аллаға тапсырып, Аллаға ғана тәуекел етіңіз, сонда Сіз алмайтын қамал болмайды...
✨Өзіңізге пайдасы жоқ істерге араласып, өзгелермен айтысып, тартысып уақытыңызды кетірмеңіз.. Сонда Алла сізді жақсы көреді...
✨Қай жерде болсаңыз да, қарапайым, кішіпейіл болыңыз. Сонда барлық істеріңіз ретін тауып, бүтінделеді, берекеңіз артады...
✨Бар кезіңізде аянбай көмектесіңіз, сонда ырысыңыз одан сайын тасып, ризығыңыз көбейе түседі...
✨Кешірімді болыңыз, сол кезде өзіңіз қалағанды Құдай алдыңызға әкеледі...
✨Айналаңызға мейірімді болыңыз, сонда Сізге де барлығы жақсылықпен жауап қатады...
✨Күніңіздің, түніңіздің, сағатыңыздың, тіпті, минутыңыздың Өзіңізге зиян әкелетіндей пайдасыз болып өтіп кетуінен қорқыңыз.. Уақытты қадірлеңіз.. Ең соңғы тұраққа жеткенше амал жасап, Алланың алдында тұратын күнге дайындалыңыз..
Себебі, Алланың мейірімі болмаса, ешкім өз амалымен Жәннатқа жете алмайды..Ал Алланың мейірімін тек Оған бойұсынып, бұйрығын орындау арқылы ғана ала аласыз...
✨Ендеше, Алланың мейіріміне қарай асығыңыз...Алланың рахымына қарай жүгіріңіз...